Наурыз – өте
көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген
халықтардың дәстүрлі мейрамынаайналып
отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын басып айту қиын.
Қазақтар Ұлыс күні «Жыл басы» санайды. Халқымыздың мифологиялық түсінігі
бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр – ата аралайды екен.