Еліміздің азаматтарын кітап оқуға тарту – кітапхана жұмыстарының
басты бағыттарының бірі. Осы себепті де кітапханалар 2007 жылы жыл сайын
елімізде «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізу туралы бастама көтерген
болатын. Содан бергі 6 жыл бойы барлық еліміздің оқуы үшін жыл сайын бір
кітап таңдалынады. Акция ұлы Абайдың «Қара сөздерімен» басталып, 2008
жылы М.Әуезовтың «Қилы заманымен» жалғасса, 2009 жылы еліміз
М.Жұмабаевтің «Жан сөзін» оқыды, ал 2010 жылы таңдау Ж.Молдағалиевтің
«Мен қазақпын» өлеңдеріне түссе, 2011 жылы жалпы оқуға Ж.Аймауытовтың
«Ақбілек» романы, биыл О.Бөкеевтің «Қайдасын, қасқа құлыным» повесі
алынды.
Аталған акция жұмыс істеген 6 жыл ішінде Қазақстан кітапханаларында
мыңдаған шаралар өткізіліп, кітап пен кітап оқуды насихаттау бойынша
қыруар тәжірибе жинақталды. Осы себепті де Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК
мемлекеттік тілде өткізілетін жыл сайынғы семинарлардың бірін «Бір ел –
бір кітап» акциясын өткізу бойынша тәжірибе алмасуға арнады
... Читать дальше »