Главная » 2013 » Февраль » 7 » Жаңа кітаптар
20:47
Жаңа кітаптар

Қадірлі ағайын!

Құрметті Ұзынкөл аудандық кітапхана оқырмандары! 

Биыл міне, тәуелсіздігіміздің жиырма бірінші жылының қарсаңында қазақ елі тағы бір жеңіске қол жеткізді. Күні кеше ЭКСПО-17 көрмесін өткізу Астана қаласына сеніп тапсырылды. Бұл жеңіс елімізге бірлік пен берекенің, төзімділік пен табандылықтың, айқын мақсат пен қырау күш – жігердің арқасында келді. Тарих өлшемімен қарасақ, қысқа мерзім ішінде еліміз экономикалық саяси табыстармен халықаралық аренада үлкен беделге ие болып отыр. Бұл біз үшін толағай табыс, үлкен жетістік.

Ұзынкөл аудандық кітапханасы Елбасымыздың сындарлы саясатын қолдап, елді бірлікке шақырып, халықтың санасына ой тастап, тағылымды кітаптар арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына өз үлесін қосып келді. Ақпарат кеңістігінде халқымыздың рухани мол мұрасын насихаттап, әдебиеті мен мәдениетінің жаршысына айналды. Кітапхананың басты ұстанымы - әр қазақтың санасына ұлттық рухтың ұрығын сеуіп, ұлттық мүддеге қызмет ету.

...Құрметті оқырмандар! Егер сіз ұлтыңыздың шын патриоты болсаңыз, ел тәуелсіздігіне дейін де, кейін де ұлттық, идеологияның ұйтқысы болып, халқымыздың бай мұраларымен сусындатып, еліміздің тілегі, тіліміздің тірегі болып – кітапханаға қатынасып қазақша қарапайым кітап оқыңдар.

...Оқырманға алғаш жол тартып отырған «Қазақтың дәстүрлі қолөнер қазнасы» топтамасының «Қазақ халқының тазалық мәдениеті». Бабам қазақтың ғасырлық тәжірбиесінің астарында жатқан ұлттық тәрбие мен халқымыздың тұрмыстық мәдениеті, таным көзқарасы, тазалық дағдысы, әдет- иба, этнографиялық қазыналарымыз, алтын қорымыз бүгінгі күнде заманға сай жанғырып, қолданысқа енуге тиісті һәм ұрпақ санасынан елеусіз түрде өшіп кетпеуге тиісті.

Тазалықты әуелден денсаулық кепілі деп білген қазақ халқы оның тән тазалығын сақтаумен бірге салт- дәстүрмен, жол- жосындармен, исламдық қағидалармен сабақтасатын жан, қан және рух тазалығына да ерекше көңіл бөлген.

Бұл кітапта ұлт пен отбасы тазалығы, тән және қан тазалығы, күнделікті қолданылатын тұрмыстық мүліктердің тазалық рөлі, діни сенім тұрғысындағы жан тазалығымен әр ісі рухани пәктікті кепілдендірер тазалық таразылынады. Қазақтың тазалық мәдениетінің тамыры тереңде екендігіне осы кітапты оқи отырып көз жеткізерсіз.

 

         Артықбаев Ж.О.   «Жеті жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіші.

Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл еңбек қазақ мемлекеттілігі мен құқықтық жүйелерінің дамуында ерекше орын алатын «Жеті жарғы» ескерткішіне арналған Автор мол тарихи – этнографиялық деректерді пайдалана отырып қазақ ғылымында алғаш рет «Жеті жарғы» ұғымына негіз болған әдет- ғұрып заңдары мен ережелерін жинақтады. Бұл еңбекте қазақ мемлекетінің хандық дәуірдегі басқару жүйесі және оның құрылымындағы «Жеті жарғы» кеңесінің қызметі, маңызды көрсетілген. Автор дәстүрлі мемлекет және құқық ережелері турасында қолданысқа түсе бермейтін тың деректер мен пайымдауларды енгізеді.

       Мұхиддинов Е.  Қазақ күресі. Алматы, 2012ж.

Бұл ұсынылып отырған кітап қазақ күресінің тарихын, дамуын ғана емес, ол өнерді балаларымызға, жастарымызға терең де жан-жақты үйрету мәселесін алға қояды. Кітапқа қосымша DVD дискісі бар.

...Кітап – ғасыр мұрасы. Аудандық кітапханаға жаңа кітаптар мол келіп жатыр. Бірақ өз ана – тілімізде оқитын өз қандастарымыз аз. әсіресе мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, жастар, жоғарғы сыныптардың оқушылары т.б....

Күні кеше ғана Елбасы айтқаны қайда: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлеу керек!? өзге тілде ойлайтын, өзге тілде сөйлейтін бауырларымызға да, мемлекетімізде өмір сүріп, қазақ топырағында қабырғасы майланса да, мемлекеттік тілді білгісі келмейтін ағайындарға да бұдан артық сүйегінен өткізіп, жеріне жеткізіп айту мүмкін емес. Бұдан әрі енді тіл үйренбей бейқам жүре беру әбестік болады мемлекеттік тілді білмейтін адамды мемлекеттік қызметке қабылдамау керек!

...Елінің сөзін ұстап, ертеңіне елеңдейтін, тағылымы мол –ұлт тағдырына бейжай қарай алмайтын ойлы оқырмандар керек.

Қазақша оқып, сөйлеу мәдениетіне,- қазақша ойлауға талаптаныңыздар ағайын.

Просмотров: 833 | Добавил: Tolst | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Күнтізбе
«  Февраль 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0