Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер

Ту


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортасында 32 сәулелі, шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.

Ақпарат ҚР Президентінің www.akorda.kz арнайы сайтынан алынған.

Елтаңба

          1992 жылдың 4 маусымы тарихта және халық жадында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің туған күні ретінде мәңгі қалмақ.  Тәуелсіз      Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы атақты екі архитектор: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханның қыруар еңбегі мен шығармашылық ізденістерінің жемісі. Байқауда жеңіп шығу жеңіл болған жоқ. Соңғы  байқаудың өзінде болашақ елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сызба –түсініктеменің болғанының өзі көп нәрсені аңғартса керек. Елтаңба шеңбер түрінде жасалынған. Шеңбер әлемдегі ең жетілген кескін ретінде  саналады.   Шеңбер геральдика элементі ретінде көп жерде қолданылады, алайда, шығыс көшпенділері үшін ол құрмет пен мәртебеге ие. Шеңбер өмір мен мәңгіліктің белгісі.   Елтаңбамыздың негізгі идеясын көтеріп тұрған негізгі элемент – шаңырақ болып табылады. Шаңырақ – отбасы берекесінің, бейбітшіліктің, байсалдылықтың белгісі. Аса шеберлікпен және әсем орындалған түндік көгілдір, бейбіт аспан аясындағы шұғылалы күнді көрсетіп тұр.Елтаңбаның көк әлеміне шаңырақтан тараған уықтар өмірдің бастауы мен жылуын берер күн сәулелерін еске салады.Авторлар қазақ отбасының маңызды бір бөлігі - керегені де сәтті орналастыра білген. Шаңырақтың күлдіреуіштері оның беріктігін қамтамасыз ететін үш жүздің бірлігін білдіреді. Геральдика тілінде авторлар қазақ халқының бейбіт өмірді қалайтынын көрсете білген.Республиканың барлық халқын Қазақстан атты ортақ үйіміздің беріктігін баянды ету үшін бір шаңырақтың астына бірігуге шақырады.   

     Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі бір деталь – ай мүйізді,алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Арғымақтарды мемлекеттік белгілерде бейнелеу ертеден келе жатқан дәстүр болғанына қарамастан,авторлардың бұл жобасына қарсы шығып, дау тудырғандар да болды. Арғымақтар бейнесі геральдика тілінде терең мағынаны және мазмұнды білдіреді. Ол арыстанның айбатын, қыранның қырағылығын, өгіздің күші мен қуатын, бұғының жылдамдығы мен шапшаңдығын, түлкінің жауына қарсы қолданар қулығы мен тапқырлығын білдіреді.Тұлпарлардың алтын қанаттары сондай-ақ бидайдың бауы мен алтын масақты еске түсіріп, еңбектің жемісі – тоқшылық пен жақсылықтың белгісін де меңзеп тұр.     

    Елтаңбаның ортасында бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Жобада бұл жерде жарты ай мен шағын үш жұлдыз бейнеленген, талқылау барысында сегіз, жеті және бесбұрышты жұлдыздар ұсынылды. Ақырында соңғысын қабылдауға шешім шығарылды. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға мегзейді.  

    Елтаңбаның түсі – алтын және көгілдір түсті. Алғашқысы халқымыздың жарқын да ашық болашағымызға деген сенімді білдіреді. Көгілдір аспан әлемнің барлық халықтары үшін ортақ түс. Біздің Елтаңбамыздағы көгілдір түс Қазақстанның жер бетіндегі барша халықпен бейбіт, ынтымақтастықта, достықта және бірлікте өмір сүруге деген ұмтылысын білдіреді.                                                                                                                                                                                     

       Ақпарат ҚР Президентінің  www.akorda.kz арнайы сайтынан   алынған.


Әнұран


Сөзін жазған : Жұмекен Нажімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Әнін Шәмші Қалдаяқов

  Ақпарат ҚР Президентінің  www.akorda.kz арнайы сайтынан   алынған.

Форма входа
Поиск
Күнтізбе
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0