Главная » 2012 » Сентябрь » 19 » Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асыру барысында Қостанай облысы кітапханаларының атқарған жұмыстары: облыстық семинардың
12:47
Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асыру барысында Қостанай облысы кітапханаларының атқарған жұмыстары: облыстық семинардың

Еліміздің азаматтарын кітап оқуға тарту – кітапхана жұмыстарының басты бағыттарының бірі. Осы себепті де кітапханалар 2007 жылы жыл сайын елімізде «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізу туралы бастама көтерген болатын. Содан бергі 6 жыл бойы барлық еліміздің оқуы үшін жыл сайын бір кітап таңдалынады. Акция ұлы Абайдың «Қара сөздерімен» басталып, 2008 жылы М.Әуезовтың «Қилы заманымен» жалғасса, 2009 жылы еліміз М.Жұмабаевтің «Жан сөзін» оқыды, ал 2010 жылы таңдау Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңдеріне түссе, 2011 жылы жалпы оқуға Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы, биыл О.Бөкеевтің «Қайдасын, қасқа құлыным» повесі алынды.

Аталған акция жұмыс істеген 6 жыл ішінде Қазақстан кітапханаларында мыңдаған шаралар өткізіліп, кітап пен кітап оқуды насихаттау бойынша қыруар тәжірибе жинақталды. Осы себепті де Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК мемлекеттік тілде өткізілетін жыл сайынғы семинарлардың бірін «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізу бойынша тәжірибе алмасуға арнады.

12 қыркүйекте Ұзынкөл АОК өткен семинарға барлық аудандар мен қалалық ОКЖ өкілдері қатысып, жиналғандардың саны 50 адамнан асып жығылды.  Қостанай облысының қиыр шетінде орналасқан Ұзынкөл ауданы қонақтарды сүйектен өтетін суық желімен, төгіп жіберуге дайын тұрған жаңбырының тамшыларымен және мұның бәрін жуып-шайған аудандық ОКЖ қызметкерлерінің шуақты күлкілерімен қарсы алды. Семинарға қатысушыларды ауданға кіре берісте қазақ дәстүрімен шашу шашып қарсы алған олар қонақтарға аудан орталығының көрікті жерлері мен орталық кітапханасын көрсетті. Кітапхана алдына «Бір ел – бір кітап» акциясының белгісі бейнеленген баннер орнатылып, кітапхананың оқу залындағы 8 сөреге «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында түрлі жылдары оқуға таңдап алынған кітаптардың авторларының өмірлері мен шығармалары туралы материалдар және облыс кітапханаларында акция өткізу бойынша жинақталған әдістемелік материалдар қойылған «Бір ел – бір кітап» атты кітап көрмесі безендірілген.

Семинарға қатысушылардың алдында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Болатов Нұрлан Сейітұлы мен ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Дүйсекеева Сара Бағытбайқызы олардың жұмысына сәттілік тіледі.  Семинардың модераторы болып Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директорының орынбасары Безаубекова Сәния Серікқызы тағайындалды. Өз баяндамасында ол еліміздегі кітап оқу мәселесі туралы, оқуға және тиісінше кітапханаға деген қызығушылықтың төмендеп кеткендігі туралы айтып өтті. Өткен жылы Қазақстанда өткізілген зерттеудің нәтижесі бойынша біздің облысымыз кітап оқығысы келмейтін облыстардың арасынан Таразды алдына салып барып екінші орынға ие болған. Солай бола тұра Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директоры мен ғылыми хатшысының іссапарға барып келген АҚШ пен Финляндияда кітапханаға келушілердің санының жеткілікті және тұрғындар тарапынан кітапханаға деген қажеттіліктің жоғары екендігі белгілі болды.  Сонымен қатар Сәния Серікқызы еліміз бен облыс кітапханаларының «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асыру жолында атқарып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті.

Бұдан кейін облыстың ОКЖ жиналған әріптестер «Бір ел – бір кітап» аясында шаралар өткізудегі өздерінің тәжірибелерін ортаға салды. Науырзым ОКЖ өкілі Тасқымбаева Бейнегүл Төлетайқызы 2007 жылы ұлы Абайдың «Қара сөздері» бойынша өткізілген алғашқы акция аясындағы қызықты шараларды бейнематериалдар көрсете отырып айтып берді.

Бұдан кейін Амангелді, Жангелді ОКЖ мен Арқалық қ. № 2 ОӘҒК  қызметкерлері М.Әуезовтың шығармашылығы бойынша әдеби қонақжайдан және «Қилы заман» повесі бойынша қойылған спектакльден үзінді көрсетті.

Рудный қалалық ОКЖ қызметкерлері семинарға қатысушылардың назарына М.Жұмабаевтің шығармашылығы жөніндегі дискіні ұсынып, акцияны жарнамалауда қолданып жүрген құралдары туралы айтып берді. Мысалы, акция аясында қандай кітап оқитындықтарын қалалықтар көшенің жүргіншілер жағына ілінетін «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ..... кітабын оқимыз» плакатынан біле алады.

Түстен кейін семинарды ОКЖ директоры Швыдченко Светлана Васильевнаның жетекшілігімен 6 адам болып келген Меңдіқара ОКЖ кітапханашылары жалғастырды. Меңдіқаралықтар 2010 жылы Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» кітабы бойынша өткізілген акция аясында жинаған тәжірибелерін ортаға салды. Олардың әңгімелері сәнді костюмдер мен кітапхана және мәдениет үйі қызметкерлерінің жоғары дайындықтарының арқасында семинарға қатысушылардың ішінде үлкен жетістікке ие болған  көпшілік шаралардан үзінділер көрсетіле отырып жүргізілді.

Олардан кейін сөз алған Қостанай қалалық ОКЖ кітапханашылары өздерінің жақына арада қалалық саябақта өткізген «Кісісі кітап оқыса, қаласы көрікті болар» акциясы мен өткен жылғы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» кітабы бойынша өткен акция шеңберінде өткізген шаралары туралы әңгімелеп берді.

Бұдан ары семинарға қатысушылармен «Кiтап патшалығы» республикалық кәсіби журналының бас редакторы, 2012 жылы баршаның оқуына таңдап алынған «Қайдасың қасқа құлыным» повесінің авторы, жазушы, журналист О.Бөкеевтің туған қарындасы Исаканова Ғалия Бөкейқызы байланысқа шықты. Бейнекөпір барысында семинарға қатысушыларға О.Бөкеевтің шығармашылық жолы қалай басталды?, Жазушылардың ішінен кімдермен жақын араласты?, Кімнің шығармашылығын көбірек ұнатты?, Қазір оның шығармашылығын кімдер зерттеп жүр?, Оның ата-анасы кімдер? деген секілді көптеген сауалдарға жауап алып, оның отбасы туралы, оның нені ұнатқандығы, қалай демалғандығы жөнінде мәлімет алудың мүмкіндігі туды. Кездесуге сондай-ақ О.Бөкеевтің жұбайының туған апасы - Ұзынкөл ауданындағы Ершов орта мектебінің директоры Ағайдарова Роза Ерденқызы шақырылды.

Семинар Ұзынкөл ОКЖ мен АМҮ қызметкерлерінің баяндамаларымен аяқталды. Олардың О.Бөкеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамаларын әсем ән мен тәтті күй толықтырып отырды. Семинар соңында қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірісті.

Орындаушы: Д.М.Шақарова

 ссылка на сайт:   http://kstounb.kz

  . .
Просмотров: 1297 | Добавил: Tolst | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Күнтізбе
«  Сентябрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0