Главная » 2012 » Ноябрь » 16 » «Ой бөлістім халқыммен»
20:23
«Ой бөлістім халқыммен»
2012 жылдың 13 қарашасында Ұзынкөл орталықтанған кітапхана жүйесінде №2 мектеп оқушылары мен №13 лицей оқушыларына «Ой бөлістім халқыммен» атты Н.Ә.Назарбаевтың алғаш президент болуы туралы презентация кітабі өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық-асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып-өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын. Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от-жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын-соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат-мақсатын айқындап берді.  Кітап презентациясын жүргізген  әдіскер Гаубрих Л.О. және суретші хатшы Бердіғожина Б.Ж. Презентациямызда жаңа кітаптар басылымы, жинақтар, әдеби кітаптар Елбасының тарихи кітаптары, нақыл сөздері, Тәуелсіз мемлекет болу, ХХI ғасыр Қазақстанның жұлдызды ғасыры, Елін сүйген елі сүйген Елбасы, тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, жоғарғы бас қолбасшы, тарих толқынында, халыққа арнау, Қазақстан жолы, ой бөлістім халқыммен, халық көшбасшысы, тәуелсіздік және көшбасшы, жолдау атты презентация кітаптары ұсынылды. Қорытындылай келгенде бүгінгі іс- шарада ауыл жердегі қарапайым отбасынан шыққан жас жігіттің өмірі Н.Ә.Н-туралы айтылады. Осы кісі туралы айтқанда мемлекетіміздегі көп ұлты бар және мемлекеттік экономикалық демократиясының дамуы және ішкі саясат туралы айтылған. Тәуелсіз Қ-ң іргетасы ұлтымыздың көшбасшысының негізі болып қаланады. Қ-ғы болашағы құрылысы әрі қарай дамып келеді.

Просмотров: 2062 | Добавил: Tolst | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Күнтізбе
«  Ноябрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0