Главная » 2012 » Октябрь » 12 » «МҰХТАР ӘУЕЗОВТІ ОҚИМЫЗ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКЦИЯ
21:31
«МҰХТАР ӘУЕЗОВТІ ОҚИМЫЗ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКЦИЯ

21 қыркүйек 2012 жыл -28 қыркүйек 2013 жыл

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ҚР Ұлттық кітапханасы «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акцияның өткізілетіні туралы хабарлайды.

Іс-шара қазақ әдебиетінің классигі, абайтану саласының негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына арналады.

Халықаралық акцияның мақсаты - Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасына әлем елдері оқырмандарының назарын аудару, жазушының өмірі мен әдеби шығармашылығымен таныстыру және қызығушылығын арттыру.

Акция 2012 жылдың 21 қыркүйегінен 2013 жылдың 28 қыркүйегіне дейінгі аралықта өткізіледі.

2012 жылы 21 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында «Мұхтар Әуезов - жаңа мыңжылдыққа қөзқарас» атты халықаралық әдеби форум аясында «Мұхтар Әуезовті оқимыз» халықаралық акциясының ашылу рәсімі өтеді.

Халықаралық акцияға әлем елдерінің барлық жүйелері мен ведомстволарының кітапханалары Ұйымдастыру комитетіне, ҚР Ұлттық кітапханасының сайтына www.nlrk.kz міндетті түрде тіркеліп, төмендегі мәліметтерді қамтитын өтінішті жіберу арқылы қатыса алады:

акцияға қатысушылар туралы ақпарат;

Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығына арналған іс-шаралардың жоспарын (атауы, түрлері, мерзімі) 2012 жылдың 30 қазанына дейін кешіктірмей беру;

Өткізілген іс-шаралардың, әдеби кештердің бейнесюжеттерін, репортаждарын, суреттерін, мультимедиялық тұсаукесерлерін, шығармашылық еңбектерін, пікірлерін. сондай-ақ басқа да түрлі ақпараттарды сандық түрде CD, DVD дискілерімен ҚР Ұлттық кітапханасы, 050013, Алматы қаласы, Абай даңғылы 14 мекенжайы бойынша 2013 жылдың 28 тамызынан кешіктірмей жіберу керек.

ҚР Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық іс-шараның күнделігі орналастырылып, байқаудың жобалары мен құжаттары туралы ақпарат беріледі.

«Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акцияның қорытындысы бойынша «Мұхтар Әуезов» қоғамдық қоры ең қызықты және сәтті жобаларды естелік сыйлықтармен марапаттайды.

Байланыстар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласы, Абай, 14

                                    тел.: 8(727)267-28-79, 267-28-66. факс: 8(727)267-28-83.

                                    E-mail: org@nlrk.kz («Мұхтар Әуезовті оқимыз» белгісімен)

Халықаралық акцияның үйлестірушісі - Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директорының 1-орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы. тел.: 8 (727)267-28-84.
Просмотров: 828 | Добавил: Tolst | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Күнтізбе
«  Октябрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0