Главная » 2013 » Март » 25 » Ұлыстың Ұлы күні – ұлыс күні!
19:04
Ұлыстың Ұлы күні – ұлыс күні!

  Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына  айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын басып айту қиын. Қазақтар Ұлыс күні «Жыл басы» санайды. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр – ата аралайды екен.

 Сол себепті осы түн – Қызыр түні деп аталады адамдарға дәулет дарытып, бақ қондырады, - ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял – ғажайып персонаж. Ұзынкөл аудандық кітапхананың ұжымы: оқырмандарына үлкен мереке ұйымдастырды. «Наурыз нағыз достық тойы» деген тақырыппен тойға қатысқан мектеп оқушылары, оқырмандар, қонақтар және біздің Ұзынкөл әжелері

 «Әжелер тобы» қатысты. Нуртазина Рахиля, Бекмухамбетова Зибагүл, Сейтканова Шолпан, Тілеубаева Кульзипа, Утельбаева Разия, Кумажанова Батима апай бәріне наурыз көжеден ауыз тигізіп бата берді. Тойдың басында наурыз шашуі болды. Той тарқау мәнінде – ақ дастархан жайылып қонақтарға шай берілді. Дастарханда: ақ сүт, қаймақ, наурыз - көже, айран, май бауырсақ, миіз –өрік т.б. болды.

Мерекеге әдейі көрме ұйымдастырылды. «Кел ғажайып Наурыз!» - наурыз туралы кітаптар, журнал-газеттер, тақырып бойынша «Наурыз мейрамы» - папкасы және ұлттық қол – өнер әшекей бұйымдар, сақиналар, білезіктер, шашбаулар, алқалар моншақтар, ілгектер, тасбиықтар т.б. болды.

Барлығы қолдарына ұстап көрді. Бұл жинақ әжеден қызға, қыздан немереге дарыған мұра Зибагүл Бексұлтан қызы әкеліп ұйымдастырды. Келген қонақтар, оқырмандар ұлттық киімдерін киіп келді.  Іс- шара екі тілде болды. Кітапханашылар Бердигожина Б.Ж, Савенко Ю.В. өткізді. Іс – шара жоғары деңгейде өтті.

Просмотров: 752 | Добавил: Tolst | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Күнтізбе
«  Март 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0