Главная » 2012 » Октябрь » 21 » Кітапханалық инновациялар кезеңі
17:51
Кітапханалық инновациялар кезеңі

2012 жылдың ақпаны мен қазаны аралығында Қостанай облысы ОКЖ әдіскерлерінің арасында кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқауға Ұзынкөл, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Федоров, Меңдіқара аудандық және Рудный қ., Лисаков қ., Қостанай қалалық ОКЖ  9 әдіскер қатысты.

Байқаудың бірінші кезеңі мамыр айында аяқталған болатын. Байқауға қатысушылар қазылар алқасының назарына өздерінің кәсіптерін атқару барысында жинақтаған материалдарын: тұсаукесерлерін, бейнероликтерін, ОКЖ әдіскерлері туралы жазған мақалалары мен өздері дайындаған әдістемеліктін ұсынды.

Сараптама қорытындысы бойынша байқаудың соңғы айналымына 5 қатысушы: Женихова Алла Васильевна – Қамысты ОКЖ, Шиповских Наталья Ивановна – Меңдіқара, Лукаш Светлана Андреевна – Федоров ОКЖ, Севостьянова Екатерина Александровна – Қостанай қ. ОКЖ, Волокитина Елизавета Викторовна – Лисаков қ. ОКЖ жолдама алды.

Байқаудың ақырғы айналымы – финал 2012 жылдың 11 қазаны күні «ОКЖ әдістемелік жұмыстары: шешуін күткен сұрақтар мен жұмыстағы жаңалықтар, болашаққа болжау» тақырыбымен дөңгелек үстел түрінде өтті. Байқауға қатысушылар әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың заманауи және инновациялық әдістерін көрсетті.

Байқауға қатысушылардың жұмыстары кәсіби тұрғыда және егжей-тегжейлі дайындалған, байқаудың мақсаты мен талаптарына сәйкес келеді және іс жүзінде қолдануға ұсынылуға тұрарлық деп танылды.

Қазылар алқасы Меңдіқара ОКЖ әдіскері Шиповских Наталья Ивановнаның жұмысын үздік деп жариялады.

Кәсіби шеберлік байқауына қатысу әдіскерлердің кәсіби өміріндегі тәжірибелерін толықтыраа түскен сәттердің бірі болды. Байқау кітапхана істері саласында ашылмай жатқан әдістердің әлі мол екендігін көрсетті.

Просмотров: 706 | Добавил: Tolst | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Күнтізбе
«  Октябрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0