2013 жылдың 6 қыркүйегінде Ұзынкөл орталық
кітапханасында юстиция және тілдерді дамыту бөлімімен бірге отбасы туралы іс –
шара ұйымдастырылды. №2 орта мектеп оқушылары, оқырмандар, Кумажановтар отбасы,
Бухметова Бибіжар апай, Нұр Отан партиясының бухгалтері Омарова Күләй
Елемесқызы, юстиция бастығы Бесимова Ботагөз А., тілдерді дамыту бөлімінен
Жанайдарова Г. қатысты. Іс – шарада көрме
ұйымдастырылды «Барлық құндылықтар негізі – жанұя» атты көрме. Және отбасы
туралы электрондық презентация болды. Орталық кітапхананың аға – кітапханашысы Бекмұханбетова
Бибігүл Бексұлтанқызы жарасымды отбасы туралы тақырыпқа оқырмандарға және
мектеп оқушыларына баяндады. Және Юстиция бастығы Бесимова Б.А. доклад оқыды.
Нұр Отан партиясының бухгалтері Омарова К.Е. оқырмандар мен оқушыларды осы
ұйымдастырылған іс – шара мерекесімен құттықтады. Және Бухметова Б.,
Кумажановтар отбасы осы іс – шарада өздерінің жарасымды отбасын қалай құру
керек екенін бір сөзбен баяндады. Іс –шара жоғары деңгейде өтті.