Демекші, еліміздің
мәртебесін көтеріп, әлемдік биіктерден танылған мемлекет қайраткері, Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың қайталанбас тұлғасы жас ұрпаққа үлгі – өнеге. Биыл
еліміз Тұңғыш Президент күнін екінші рет атап өтті. Қазақстандықтар үшін бұл
маңызды оқиға. Тұңғыш Президент күні аудандық мәдениет үйінде оқырмандарға
арналып «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты кітап көрмесі ашылды. Бір айдың
жүзінде ашылған аталмыш көрмеде оқырмандар назарын өзіне аударған «Әлемдік
тұлға» «Елбасы жолдады, елі қолдады», «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің
негізін қалаушы», «Қалың елім қазағым» атты терең ойлы кітаптар қызығушылық
тудырады. Оқырмандарға Елбасының өмірлік, еңбек
жолына шолу жасап, тарихқа толымды мәліметтер алды. Көрме Елбасының әр
кезеңдегі Қазақстан халқына арналған жолдауларымен де толықты.