23-сәуір 1995 жылы «Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Кітап –біздің рухани байлығымыз , жан азығымыз . Осы күнге орай аудандық орталық балалар кітапханасы «Кітап –ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы » атты әдеби кеш өткізді. Кешіміздің негізгі мақсаты: балалардың назарын оқуға ,кітапқа аудару , жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Біздің ата-бабамыз «Кітап-ғажап дос», «Кітап –білім бұлағы» деп бекер айтпаған. Іс-шараға қатысушылар №1,2 Ұзынкөл орта мектебінің оқушылары. Олардың назарың алғандар! жүргізуші аудандық кітапханасының әдіскері Бетаева Н.С., және кітап Ханшайымы Кауесханова Дина №2 мектебінің оқушысы балалармен сайыстар,өлеңдер, мақал-мәтел жарысы, «Ақбидай » Ө. Қанахинның, «Ұшқан ұя »Б.Момышұлы т.б.,кітапынан үзінділерді оқылды.
Кітап!
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешілеп кейде достай сырласады.
Бар білімде, ақылдыңнұр сәулесіде кітаптан тараған. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас»- деп ұлы Абай атамыз таңырқап ,тағзым еткенде осы қасиетті тіліміз бен кітабымыз .Біздің кітап күніне арналған әдеби кешіміз балаларға сыйлық тартуымен , «Жаса Қазақстан» әнімен аяқталды.
|