2013 жылдың 28 тамызында Ұзынкөл орталық
кітапханасында «Ата Заң» күні Қазақстан Республикасы Конституциясының күніне орай «АТА ЗАҢ –ЕЛДІГІМІЗДІҢ
ЕҢСЕСІ»атты дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ел тәуелсіздігіміздің жиырма
жылдығына орай оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата
заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін
тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік
Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға
тәрбиелеу. Көрнекілігі және көрме: «Ата заң – елдігімнің еңсесі» тақырыбы
жазылған плакат, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, Қазақстан Республикасы
Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба. Презентация және викториналық сұрақтар қойылды. Жиырма шақты
оқырман қатысты. №1,2 мектеп оқушылары және ұстаздар, оқырмандар болды. Іс-
шара жоғары деңгейде өткізілді