2013 жылдың 15 тамызында
Ұзынкөл орталық кітапханасында «Адам
саудалау құрбандары туралы» іс – шара өткізілді. Адам саудалау
әлемді жайлаған қылмыс. Бұл қылмыс шақырушы елде арзан жұмыс күшіне деген
сұраныстан басталып, жыныстық қатынасқа, еңбекке күштеумен, құлдыққа салумен
аяқталады. Адам
саудалау әлемді жайлаған қылмыс. Бұл қылмыс шақырушы елде арзан жұмыс күшіне
деген сұраныстан басталып, жыныстық қатынасқа, еңбекке күштеумен, құлдыққа
салумен аяқталады. «Адам саудалау» түсінігі дегеніміз: адамды алдап-арбап,
тасымалдау, бөтенге тапсырып, біреуден сатып алуды білдіреді. Саудалаушылар
құрбан болған адамды қатаң бақылауда ұстау үшін зорлық-зомбылықты қолданады.
Адам саудалаудың мақсаты – пайда табу. Адам саудалау – бұл адам құқын аяққа
таптау. Адам саудалау – бұл кез –келген елде кездесетін, айналымнан
миллиардтаған ақша түсіретін қылмыстық іс. Осылайша ұйымдасқан қылмысты дамытып
отырғаны хақ. Адам саудасы бүгінде де қызып тұр. Бұл қалай жүзеге асады?
Шетелде жеңіл жолмен табыс табу ұсынысынан сақ болыңыз.
Адамды құл қылып ұстауға ешкімнің құқы жоқ,
ешбіріміз мәңгілік зардапшегуге лайықты
емеспіз. Өзгенің қасіретіне көзжұмбайлықпен қарамаңыз. Есіңізде болсын: адам
саудасының құрбандары өз арамызда жүру ықтимал. Олар көршінің үйінде ауыл
шаруашылығымен тәуіліктер бойы тегін еңбек етіп жүру мүмкін. Қоғамдық орында
әйелге қорлық көрсетудің куәсі болып көрдіңіз бе? Дәл сол әйел адам саудасының
құрбаны болуы мүмкін. Көптеген қыз- келіншектер адам саудасының қасіретін
шегуде, оларды жезөкшелікпен айналысуға күштейді. Зорлыққа қарсы тұра алмау-
зорлаушылармен келісу. Қорғана біліңіз. Кім де кімді құлдыққа салғанын көрсеңіз,
билікке хабарласыңыз.
Кітапханамызға 15 оқырман
жиналды. №1-2 мектеп оқушылары жәнеоқырмандар қатысты. Кітапхана
әдіскері Жанзакова Шолпан Асембекқызы«Адам саудалау құрбандары туралы» тақырыпты оқушылар
мен оқырмандарға баяндап берді. Және электрондық презентация көрсетілді.Іс –шара жоғары деңгейде өтті.